22 сәуірде Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға алғашқы кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды.
Tengrinews.kz мәліметі бойынша Садыбек Түгел 1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында туған. С. Киров атындағы ҚазМУ журналистика факультетін сырттай бітірген.
2002-2004 жылдары — Астана халықаралық баспасөз орталығының басшысы, “Астана дауысы” ақпарат агенттігінің бас директоры.
2004-2005 жылдары — Сенат бөлімінің меңгерушісі.
2006 жылдан бастап “Ұлы Дала Қырандары” тең төрағасы, ат спорты ұлттық түрлері федерациясының вице-президенті.