Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

$25 млн пара: АҚШ-тың үздік университеттеріне қалай түсуге болады?

252

Оқу мен дайындықтың ұзақ жолын пара арқылы “қысқартуға” болады, деп жазады Trak.in порталы. Гарвард, Принстон және Йельмен қоса АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы сегіз жеке университет кіретін Плющ лигасы сыбайлас жемқорлықсыз білім берудің эталоны болып саналатын, алайда іс жүзінде барлығы әлдеқайда басқаша болып шықты.

Үздік “спортшылар”

Жалпы алғанда әшкереленген схема — АҚШ тарихында білім беру саласындағы ең ірі алаяқтық. Бірнеше ондаған бай және атақты ата-ана қабылдау комиссияларының кеңесшілерін сатып алатыны анықталды, ал олар ЖОО әкімшілігі мен университет командасының жаттықтырушыларының көңілінен шығуға тырысқан.

Нәтижесінде “алтын балалар” спортшылар ретінде Йель, Джорджтаун, Уэйк-Форест, Стэнфорд, Оңтүстік Калифорния Университеті және Лос-Анджелес Калифорния университетіне түсіп отырған.

Сонымен қатар, бай ата-аналар балаларының бағасын түзетіп (әрине, жақсы жаққа), олардың орнына онлайн-сабақтарға қатысатын делдал студенттермен уағдаластыққа келген.

Бұл адамдар қоғам элитасына жатады, сондықтан оларға балаларын оқыту үшін 200 мыңнан 6,5 млн долларға дейін ақша жұмсау ештеңе емес

Айтпақшы, фигуранттар арасында атақты Голливуд актрисасы Фелисити Хаффман мен Лори Энн Локлин бар. Дерек көздерінің мәліметіне сәйкес, Хаффман 15 мың долларды қайырмалдық түрінде берген, алайда бұл оның қызының оқуға түсу емтиханынан сәтті өтуіне “септігін” тигізген. Сөз байласу дерегі телефонмен сөйлесу стенограммасымен расталады.

Кім жауап береді?

Мұның бәрі “Университеттік блюз” операциясы” деп аталатын ФБР тергеуінен кейін белгілі болды. Іс бойынша тоғыз жаттықтырушы мен 33 ата-ана күдікті ретінде өтіп жатыр. Бұл ретте студенттерге қандай да бір айып тағылған жоқ. Сондай-ақ, жігіттер мен қыздардың көбі заңсыз махинациялардың арқасында жоғары оқу орындарына қабылданғанын білмеген-мыс.

— Алаяқтықтың көмегімен түскен әр студенттің орнына шын мәнінде дарынды талапкер түсе алмай отыр, — деп атап өтті осы іспен айналысатын адвокат Эндрю Лелинг.

Пара беру Калифорнияда тіркелген консалтингтік компания арқылы жүргізіліп отырған. Оның негізін қалаушы Уильям Сингер пара түрінде 25 млн доллар беру кезінде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Осы резонансты іс бойынша тексеру жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз