Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Эстондықтар қазақ дүниетанымы, мәдениеті мен дәстүрі жайлы

337
travelask.ru

Heiti Mäemees, туған қаласы — Мустла, Эстонияның Қазақстандағы елшісі

— 2017 жылдың тамыз айында мен Эстон Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі ретінде Қазақстанға келдім. Көшу кезінде қандай да бір мәселелер болған жоқ.

Мен орыс тілін білемін, сондықтан түсінісу жағынан қиындық туындамады. Алайда, алғашқы жылдары баспана мәселесімен біраз жүгіруге тура келді

Эстонияға іссапармен үш айда бір рет және жылына бір рет еңбек демалысы кезінде барамын.

Қазақстанда эстондықтар аз, олардың көбі ана тілін бұрыннан білмейтін қоныс аударушылардың ұрпақтары

Алматыда эстондықтардың бейресми қауымдастығы бар, алайда Қазақстанда этномәдени орталық немесе басқа форматтағы бірлестіктер жоқ.

Бағалар Эстониямен бірдей

Мен Нұр-Сұлтанда, Кемал Ататүрік атындағы саябаққа жақын тұрамын. Пәтерім өзен жағасында екені ұнайды, жаяу жүргіншілер мен веложолдарға жақын орналасқан. Бос уақытта далаға шығып, серуендеуді ұнатамын.

Елордада халықтың амбициясы байқалады, бұл сәулеттен де байқалады. Шынымды айтсам, қатты әсерленемін

Алматыда болдым, Шымбұлақ— тамаша жер. Ақтау мен Оралға бизнес-жобалар мәселелері бойынша бардым. Сондай-ақ, Қарағанды мен Бурабайда болдым.

Егер бағалар туралы айтатын болсақ, мейрамханалар мен барларда эстондық бағалармен салыстырмалы түрде бірдей. Азық-түлік, әсіресе ет сәл арзанырақ — барлығы қай жерден сатып алып жатқаныңызға байланысты. Киім мен аксессуарлар кейде біздегіге қарағанда қымбат болуы мүмкін. Бірақ тұтастай алғанда, мен баға саясатындағы айырмашылықты сезген жоқпын.

Мәдениеттер арасындағы айырмашылық туралы

Қазақстанда отбасылық дәстүрлерді жақсы ұстанады. Туыстар арасындағы қарым-қатынас — өмірдің маңызды бөлігі. Бүкіл Қазақстан — бұл бір үлкен отбасы.

Эстонияда адамдар дербес болғанды жақсы көреді, жариялылықты ұнатпайды

Жергілікті тағамдар эстондықтар үшін біршама ауыр. Эстонияда дәстүрлі картоп, сары май және ет қолданылады — бұлар да калорияға бай өнімдер. Алайда, қазақта ет пен қамыр көп. Бұл тағамдарды күнделікті тұтыну ауыр болады. Әрине, бешбармақ жеп көрдім, маған ұнады.

Эстондықтар жылқы етін сирек жейді, кейбірі тіпті жеп көрмеген де шығар. Онда шошқа еті көп таралған, сондықтан қазақ тағамдары эстондықтар үшін экзотикалық болуы мүмкін. Бірақ Эстонияда ортаазиялық тағамдар өте дәмді деп саналады.

Қазақстандықтардың жайдарман көңілі, қонақжайлығы туралы айта кету керек. Әрқашан құшақ жая қарсы алады.

ХҚКО қазір жақсы деңгейде

Ерік 39 жаста, Туған қаласы — Хаапсалу, онлайн-оқыту орталығының директоры

— Мен Эстонияда туып өстім. Кейін Франция мен Бельгияда болып, Таллин университетінде дәріскер және зерттеуші болып жұмыс істедім. Қазақстанға 2007 жылы көшіп келдім.

Менің анам Алматыда туған, сондықтан Қазақстанда туыстарым өте көп

Көшкен кезде біршама проблемалар пайда болды. Мен Көші-қон полициясында жарты жыл тұруға ықтиярхат рәсімдеуге тырыстым. Алайда сол кезде қызмет көрсетудің тиісті сапасы болған жоқ, барлығы ретсіз болды. Адамдар азаматтарды қабылдаудың нақты уақытын білмеген. Құжаттардың формальды бір тізбесі болды, бірақ инстанциялардан өту барысына заңда немесе басқа да құқықтық құжаттарда көрсетілмеген кемшіліктер шығып отыратын. Қазір Қазақстанның ХҚКО жақсы деңгейде жұмыс істеуде.

Қазақстандық үшін үй оның дуалымен аяқталады

Қазақ тағамдарымен бала кезімнен таныспын, сондықтан ол мен үшін экзотика болған жоқ. Эстон дәмханасы немістердікіне ұқсас, еті көп тағамдар жейді. Жалпы алғанда, балық, құс және жабайы жануарлардың етін Германия мен Қазақстанға қарағанда көп жейді.

Алматы мен үшін — таулар, ерекше хош иісі бар жазғы аулалар, көк, білімді және дамыған адамдар

Сүйікті орындар, әрине, Шымбұлақ пен Назарбаев даңғылы.

Біздің елдеріміз арасындағы айырмашылықтар туралы айтатын болсақ, қазақстандықтар мейірімді риясыз халық екенін атап өткім келеді. Олар өз іс-әрекеттері үшін сыйақы күтпестен әрдайым көмекке келеді.

Қазақстандық ұжымдық көзқараспен салыстырғанда эстон мәдениеті жеке тұлға мен жекешелікке бағытталған. Сіздер дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ықпалына ыңғайланғансыздар.

Сондай-ақ, эстондықтар мен қазақстандықтардың дүниетанымы мен менталитетіндегі айырмашылыққа бір мысал келтірейін. Алматыда жер үйде тұрамын, Эстонияда да ата-анам жер үйде тұрады. Онда адамдар ауланы тазалап жүріп, көшенің бір бөлігін де тазалап тастайды. Алматыда он жылда екі-ақ рет көрдім. Бұл жақсы да, жаман да емес, бұл дүниетанымдағы айырмашылықты көрсетеді. Қазақстандықтар үшін үй оның дуалымен аяқталады, ал Эстония үшін оның ресми шекарасынан ары қарай созылады.

Мен Қазақстанда қалуды жоспарлап отырмын, мұнда болашақ бар, әсіресе мен жұмыс істеп жатқан салада

Тағы да білім алып, ұстаздық қызметті бастағым келеді.

Астана қатты таңғалдырды

Артур Световид, 27 жас, туған қаласы — Таллин, слесарь

— Мен Қазақстанға 2017 жылдың жазында келдім. Менің демалысым осы уақытқа түсіп, қызықты саяхат жасағым келді. Сол кездері EXPO 2017 көрмесі өтіп жатқандықтан Қазақстанды таңдадым. Бұл іс-шара мені қызықтырды, интернеттен елордалық зәулім үйлерді көріп, таңғалдым, бәрін өз көзіммен көргім келді.

Қазақстанның астанасы — керемет қала, ол халқының биік мақсаттарынан көрініс беретіндей

Ерекше мүсінді ғимараттар, керемет нысандар, шыны мен гранит көп. Бүкіл осы жиынтық әдеттегі посткеңестік қала көруді күткен еуропалық тұрғынды таң қалдырары анық.

Қазақстандықтардың мейірімділігі мен жайдарман мінезі туралы

Қазақстандықтар — мейірімді халық, қиын сәтте әрдайым көмек көрсетіп отырады. Менің ойымша, EXPO көрмесі халық үшін сынақ болды — шетелдік туристердің осындай үлкен ағынына төтеп бере ала ма, қонақжайлылығы мен мейірімділігін сақтай ала ма, деген. Менің ойымша, сіздер бұл сынақтан жақсы өттіңіздер. Мен сөйлескен әр ұлттың адамы сіздер туралы тек жақсы сөздер айтады, мейірімді, жайдары деп айтады.

Астанада азық-түлік бағасы Таллинге қарағанда сәл төмен, бірақ мейрамханалар мен киім-кешектер бір деңгейде

Алдағы уақытта Қазақстанға қайта баруды жоспарлап отырмын, бірақ ауылға барып, нағыз даланы көргім келеді. Мен сондай-ақ Бурабай жайлы да көп естідім, сол жаққа да бару жоспарымда бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз