Қазақстан Қорғаныс министрлігіне қарасты Ми-8 әскери тікұшағының апатқа ұшыраған жерінен видео пайда болды. Қайғылы жағдай 27 наурыз 2019 жылы Қызылорда облысында болды.
27 наурыз күндіз Ми-8 әскери ұшақ төрт машинадан тұратын топтың құрамында Ақтаудан Шымкентке ұшқан болатын. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және “Алтын жебе” арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған. Тікұшақ бортында 13 адам болған. Барлығы қайтыс болды.