Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Нағыз қайырымдылықтар жария болмайды

215

Бұл Дариға Назарбаеваның қайырымдылық жобаларының толық тізімі емес. Қоғам оның өзінің шынайы ниетпен және жомарттықпен жасалған қайырымдылық жобаларының көпшілігін біле бермейді.

«Мен өз ісімді жария етпеймін. Дегенмен, бұл өте ауқымды әрі жан-жақты шара. Мен медицина саласындағы жобаларды қолдаймын. Әсіресе әйел онкологиясында, білім беру, музыкалық жобаларды қолдаймын. Мен үнемі жиналған қаражат мұқтаж жандарға жұмсалатын қайырымдылық концерттеріне қатысамын», – дейді Дариға Назарбаева.

Бұған қоса, бірнеше қайырымдылық қоры Д.Назарбаеваның қамқорлығында: «Дегдар» қоры жас таланттар мен ардагерлерге көмек көрсетуге маманданса, ал «Асар-Береке» қоры он жылдан бері жоғары технологиялық медициналық жобаларды жүзеге асыруда. Елді-мекендерінің арақашықтығы алшақ және халықтың тығыздығы төмен Қазақстан үшін ерте диагностикалаудың мобильдік жүйесі өте маңызды. Әсіресе, бұл онкологиялық ауруларға қатысты.

Д.Назарбаева жетекшілік ететін қайырымдылық қорының бірі «Асар-Береке» деп аталуы кездейсоқ емес. Қазақтарда игі іс пен жақсы бастамаларды бүкіл ауыл болып қолдайтын тамаша дәстүр бар. Мысалы, барлық жас отбасылар үшін жаңа үй салуға барлығы көмек қолын созады. Материал, ақша, күш, білім және тәжірибе… кімнің қолынан не келсе, сонымен көмектеседі.

Бұл асардың қағидасы. Дариға Назарбаева мұқтаждық пен қиыншылықтағы көмек қолын созуды әрбір азаматтың абыройлы міндеті деп санайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз