Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Астана немесе Алматы: қайсында өмір қымбатырақ?

461

Тұрғын үй

Александра Ромашкина, Алматы

Алматыда тұрғын үймен мәселе жоқ. Қайталама нарықта да, жаңа үйлерде де көптеген таңдау бар. Құны ауданға байланысты. Орталықтан төмен болса, соғұрлым арзан, және, керісінше, жоғарғы жақта қымбатырақ. “Орбита” ауданындағы бір бөлмелі пәтеріміз шамамен $45 000 тұрады, 20 жылға ипотекаға алдық.

Александра Ромашкина, 31 жаста, туған қаласы – Алматы, клиенттерге қызмет көрсетуші менеджер

Мұндай бағамен үлкен қалаларда көбіне тұрғын үйді жалға алады. Бірақ бюджеттің көп бөлігін пәтер иесіне беруге дайын болу керек. Оңтүстік мегаполистегі жалдамалы бір бөлмелі пәтерлер — айына 70 000 теңгеден басталады. Көптеген таңдау бар.

Әрине, пәтерді біреумен бірге жалдап тұру әлдеқайда тиімді. Егер бюджет жұмыс жанында өмір сүруге мүмкіндік бермесе, метроға жақын аудандардан қарастыруға болады. Ал әрбір пәтер иесінің өз шарттары бар: бір жерде кепіл қажет, бір жерде қажет емес, бірақ ең бастысы — уақытылы төлеу.

2018 жылдың қаңтарынан бастап Алматыдағы газ бен су тарифтері біршама төмендеді. Жылу беру маусымында (интернетсіз) пәтерақы шамамен 20 000 теңге болады. Жылусыз — 15 000, интернет және TV — 5400 теңге.

Карина Тұрлыханова, астаналық

Менің ойымша, Астанаға көшуге ниет білдіргендердің қосымша $1000 ақшасы болу керек. Тұрғын үйді жалға алу арзан емес — орташа жақсы пәтер 120 000 теңгеден басталады. Қажетті сома болған жағдайда баспана тез табылады, мұнымен кедергілер жоқ.

Карина Турлыханова, 30 жаста, сұлулық орталығының директоры, Астана

 

Коммуналдық шығындар тұрғын үйдің шаршы метріне және тұрғын үй кешеніне байланысты. Орташа есеппен біз 25 000 теңге төлейміз.

Көлік

Александра: Алматыда арнайы картамен жол жүру құны 80 теңге. Егер ол болмаса, бір жаққа жету үшін 150 теңге төлеуге тура келеді. Таксимен сирек жүреміз, жеке автокөлігіміз бар, бензинге шамамен 20 000 теңге кетеді. Қосалқы бөлшектер мен май ауыстыруға екі айда бір рет 20 000 теңге жұмсалады.

Карина: автобуста жүріп, әрі үнемдеу үшін, карта жасау керек. Карта болған жағдайда жол жүру құны 90 теңге болады. Әдеттегі баға — бір бағытқа 180 тг. QR-код арқылы онлайн режимде де төлеуге болады.

Таксидің орташа бағасы — 700-800 теңге. Егер жолай ұстаса, 500 теңгеге де жетуге болады. Жеке автокөлікке орташа есеппен 30 000 теңге кетеді.

Азық-түлік өнімдері

Александра: балаларға арналған қоспаларды қоса алғанда, азық-түлік сатып алуға бізде айына 80 000-100 000 теңге кетеді. Қыста көкөністер еттен қымбат болады.

Нанның орташа бағасы — 85 теңге, сүт — 200 теңгеден, жұмыртқа — 340 теңгеден, 300-400 г ірімшік — 1000 теңге, 1 кг алма — 200 теңгеден, қияр — 900-1000 теңгеден, қызанақ — 800 теңгеден басталады.

Суши-бардағы кешкі ас екі адамға шамамен 7000 теңге. Үлкен кафеде екі адамға 10 000-15 000 теңге. Бір шыны кофе бағасы — 400 теңгеден, Цезарь салаты — 800 теңгеден. Десерт — мысалы, чизкейк орта есеппен 850 теңге.

Карина: Астанада азық-түлік арзан емес. Бюджетті 50 000-70 000 теңгеден кем есептеуге болмайды. Нан бөлкесінің бағасы — 100 теңге, сүт — 260 теңгеден, жұмыртқа — 370 теңгеден, ірімшік — 1800 теңгеден, алма — 350 теңгеден, қияр — 1100 теңгеден, қызанақ — 1000 теңгеден басталады.

Дәмханадағы кешкі ас орта есеппен 9 000 теңгені құрайды. Бір шыныаяқ кофе құны — 1 000 теңгеден жоғары.

Ойын-сауық

Александра: киноға билет 800 теңгеден 3000 теңгеге дейін. Фитнес-клубта спортпен айналысу 5 000-20 000 теңге. Қымбат залдар да бар.

Карина: киноға бару орташа 3000 теңге. Фитнес-клубтағы сабақтардың бағасы 20 000 теңгеден басталады. Көпшілігі 200 000-250 000 теңгеге жылдық абонементтер сатып алады.

Қосымша шығындар

Александра: қазір мен декреттемін. Бала дүниеге келгелі отбасылық шығындар үш еселенді. Әр тиынды санай бастайсың. Шопинг тек бала үшін жасалады.

Карина: Астанада мемлекеттік балабақша 16 000 теңге тұрады. Жеке меншік балабақшалардың бағасы 50 000 теңгеден жоғары. Шопинг — жеке шаруа. Алайда, жақсы киімдер 30 000 теңгеден кем емес. Жаппай сатылымдар мен тиімді бағаларды жақсы көреміз.

Дәрі-дәрмектің айлық бюджеті әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бағаларға қарасақ, 10 000 теңгеден кем емес.

Үнемдеу жайлы

Александра: үйде тағам дайындауға тырысыңыз. Егер мүмкіндік болса, көкөністер мен жемістер өсіріңіз. Ойын-сауықты шектеуге болады.

Алматыда 150 000 теңгеге өмір сүруге болады. Алайда, қыдыру мен сән-салтанаттан бас тартуға тура келеді

Карина: талғаммен киіне білу қажет. Ең бастысы, зиянды әдеттерден құтылу, себебі оларға да аз ақша кетпейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз