Атышулы әншінің қуанышында шек жоқ. Әншінің жары ұл бала дүниеге әкелді. Жұп бұл қуанышты бес жылға жуық күткен!
Бақыттан басы айналған әке көпшіліктен сүйінші сұрап, қуанышын өлеңмен жеткізді:
Ұл әкеп дүниеге жан жарымыз,
Жарқырап кеткендей ме жан-жағымыз?!
Бұрын үйде орамал, көйлек көп ед,
Көбейетін болды ғой шалбарымыз.
Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті,
Қалсын деп артымыздан жалғанып із.
Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын,
Қалайша ұмытайық Алланы біз!
Барған жерде ұлды бол деп жатушы ед,
Ақ бата беріп кемпір, шалдарымыз.
Сол елдің ақ тілегі қабыл болып,
Мінекей орындалды арманымыз.
Халайық баршаңызға раxмет,
Недеген жайдары еді жандарыңыз.
Алақайлап сүйінші сұрап тұрмын
Бұл себебі сіздердің балдарыңыз!
P.S Атқа мінер туғанын көрсетіп тұр
Атқа мінген суретті салғанымыз!