Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
7
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

World Press Photo нұсқасы бойынша жылдың ең үздік суреттері

504
© World Press Photo / Ingo Arndt, for National Geographic

Биыл оған әлемнің 129 елінен 4,7 мыңнан астам фотограф қатысты. Тәуелсіз қазылар алқасы бас жүлде үшін күресетін 43 суретті таңдады. Жеңімпаздар 11 сәуірде Амстердамда жарияланады. Байқау аяқталғаннан кейін ең үздік фотосуреттерден көрме ұйымдастырылады.

© World Press Photo / Chris McGrath, Getty Images

Ер адам журналист Джамаль Хашоггидің із-түзсіз жоғалып кеткеніне байланысты халықаралық резонанс туындаған кезінде Стамбулдағы Сауд Арабия елшілігінің алдында баспасөз қызметкерлерін кіргізбеуге талпынуда.

© World Press Photo / John Moore, Getty Images

Гондурастық Яна анасы Сандра Санчесті АҚШ-тың шекара қызметінің агенті тексеріп жатқанда жылап тұр, Техас штаты.

© World Press Photo / Diana Markosian, Magnum Photos

Бойжеткен алқызыл кабриолетте Гавана көшелерімен 15 жасын атап өтуге келе жатыр. Латын Америкада он бес жас мейрамы ерекше ғұрыптардан тұратын, кеңінен атап өтілетін шара.

© World Press Photo / Marco Gualazzini, Contrasto

Жетім бала Чад еліндегі Боле қаласында гранатометтер салынған суреттің жанында кетіп барады.

© World Press Photo / Wally Skalij, Los Angeles Times

Жылқылар Малибудағы орман өртенгеннен кейін эвакуацияны күтіп тұр, Калифорния, АҚШ

© World Press Photo / Mário Cruz

Бала Маниладағы өзенде, қоқыстың айналасында жүзіп жүрген матрастың үстінде жатыр, Филиппины.

© World Press Photo / Brent Stirton, Getty Images

Браконьерлерге қарсы күрес бөлімшесінің мүшесі Пхунунду жабайы табиғат паркінде оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде, Зимбабве.

© World Press Photo / Jasper Doest

Карибтік фламинго қолдан жасалған шұлық киіп алған. Бұл оның табанын ауыр жарақаттан емдеуге көмектеседі, Кюрасао.

© World Press Photo / Terrell Groggins

Бокстан Олимпиада чемпионы Кларесса Шилдс (оң жақта) Детройттағы ұрыс алаңында Ханна Габриэльспен кездесті, Мичиган, АҚШ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз