Мемлекеттік Дума интернеттің ресейлік сегменті — Рунеттің жаһандық желіден ажыратылған жағдайдағы тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасын қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, автономды интернет туралы заң мемлекеттік Думаға 2018 жылдың желтоқсан айында ұсынылған болатын. Құжаттың түсіндірме жазбасында
“Заң жобасы АҚШ-тың “бейбітшілікті күшпен сақтау” принципін мағлұмдайтын Ұлттық киберқауіпсіздік стратегиясының агрессиялық сипатын ескере отырып дайындалды”
делінген.
Айта кетейік, америкалық стратегияда Ресей, Иран және Солтүстік Корея хакерлік шабуыл жасады деп айыпталуда.
Алайда заң жобасын қабылдауға түрткі болуына басқа да себептер бар көрінеді. Жаңа бастама елдегі ішкі саяси жағдайды сақтауға бағытталған стратегиялардың бірі-мыс. Шығыс елдерінде “Араб көктемі”, барқыт және басқа да көтерілістер мен мемлекеттік төңкерістер интернет-көздерінің көмегімен бастау алған болатын. Бұл тұрғыда Мәскеудің әрекеті ақтауға тұрарлық.
Жобаны іске асыру ресейлік қолданушылардың өзара алмасатын деректерінің шетелге шықпауын қадағалауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан,
қабылданатын шаралар ресейлік желіні шетелдік серверлерден тәуелсіз етеді
Заң жобасы қабылданғанға дейін Федерация Кеңесінің Конституциялық заңнама жөніндегі комитетінің басшысы А. Клишас, оның орынбасары Л. Бокова және Мемдуманың депутаты А. Луговая әзірлеген құжатты Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігі қолдады.
Заң жобасының мақсаты — Интернеттің ресейлік сегментінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Басқаша айтқанда, мамандар Ресейдің инфрақұрылымын жаһандық желіден ажырату тәсілін әзірлейді, бұл ретте қолданушылар ақпарат пен байланыссыз қалмайды.
Қабылданған құжат осы салаға қатысы бар ұйымдардың өмір сүру салтына үлкен өзгерістер енгізеді. Біріншіден, байланыс операторларында жаңа міндеттемелер пайда болады. Енді олар:
1. маршрутизацияның белгіленген ережелерін ұстануға міндетті,
2. Роскомнадзордың талабы бойынша маршрутизацияны түзетіп отырады;
3. тек рұқсат етілген бағдарламалық-техникалық құралдарды, сондай-ақ домендік атаулардың ұлттық жүйесін ғана пайдаланады.
Екіншіден, трафик алмасу нүктелерінің иелері жаңа ережелер бойынша өмір сүретін болады. Олар:
• трафикпен алмасу нүктелерін тек трафикпен алмасу нүктелері тізімінен алады;
• Роскомнадзорға өздерінің желілік адресі, электр байланыс хабарламаларының бағыттары, байланыс желілерінің инфрақұрылымы және т. б. туралы ақпаратты жедел хабарлап отырулары тиіс.
Үшіншіден, Роскомнадзор қосымша өкілеттіктер алады. Енді ол Ресейде олардың жұмыс істеуінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қатерін анықтау мақсатында интернет пен ортақ пайдаланудағы байланыс желілерінің жұмысын қадағалайтын болады.
Бұдан басқа, Роскомнадзор “техникалық құралдарды орнату тәртібі, мерзімдері мен шарттарын, сондай-ақ оларды пайдалану кезіндегі байланыс желілеріне қойылатын талаптарды” анықтайтын болады.
Заң жобасының әлсіз тұсы да бар: құжатта оны қолдану тәсілдері емес, механизмнің өзі туралы көбірек айтылған.
Сондықтан бәрі іс жүзінде қалай болады екен деп болжап жатыр.
Үкіметте де, Мемлекеттік Думада да “Рунет” жобасын қаржыландыру сомасы туралы мәселе белсенді талқыланды. Ресей Үкіметі жанындағы Сараптамалық кеңестің “Байланыс және IT” жұмыс тобы заң жобасының мәтініне пікір дайындады. Олар оның іске асуын 25 млрд долларға бағалап отыр.
Қаржыландыруға мыналарға бағытталуы тиіс:
• зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу,
• трафик алмасу нүктелерінің тізімін жасау және жүргізу;
• желі жұмысы бұзылған жағдайда байланыс операторларына өтемақы төлеу;
• Роскомнадзорға ведомстволық бағынышты құрылымдардың штатын кеңейту;
• ақпараттық компания және соларға сай оқу-жаттығуларды ұйымдастыру.
Осы бағыттарды қаржыландыру кезінде Рунетке тұрақты және қауіпсіз жұмысқа кепілдік беру қажет, ол бүкіл елдің байланыс сапасына әсер етпеуі тиіс. Осыған байланысты арнайы құралдарды пайдалану, сондай-ақ оларды жөндеу және кейіннен жаңғырту тәртібі туралы мәселе көтерілуде.
Алайда мұнымен мәселе шешілмейді. Түрлі есептеулер бойынша, байланыс операторларына өтемақы жобаны іске асыруға кеткен бір жолғы шығындардан бірнеше есе артық болады. Себебі, Ресей нарығының көлемі 10% болған жағдайда да өтемақы сомасы жылына 134 млрд рубльді құрауы мүмкін.
Сондықтан заң жобасы қабылданғанға дейін Үкімет жобаны жасаушыларға трафикті өткізетін жабдықтарды сатып алуға, операторларға, сондай-ақ байланыс операторларына өтемақы төлеуге қаржы қайдан алынатынын анықтауды міндеттеді.
Байланыс министрлігі басшысының орынбасары Олег Ивановтың айтуынша,
мемлекеттік бюджетте Рунетті қорғау туралы заң үшін 2 млрд рубль қарастырылған
Бірақ бұл сома мұндай ауқымды жоба үшін қажетті қаржыландырудан бірнеше есе аз.
Мүлдем қауіпсіз жүйелер жоқ екенін назарға ала отырып, Мәскеу Ресейдің бүкіл сегментін әлемдік желіден ажыратуды ең жақсы нұсқа деп санайды. Заң жобасы сәтті іске асқан жағдайда Ресейде жаңа инфрақұрылымның негізі қаланады. Ол ресейлік байланыс операторларын шетелдік түбірлік интернет-серверлерге қосу мүмкіндігі болмаған жағдайда ресейлік интернет-ресурстардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Бұл ретте жаңа желілерде өткізілетін трафик көзін анықтайтын техникалық құралдар орнатылады
Қауіп болмаған жағдайда орнатылған құралдар арқылы Роскомнадзор желі көмегімен Ресейде тыйым салынған ресурстарды бұғаттайтын болады.
Бұған қосымша Ресей аумағында трафик алмасуды ұйымдастыру жүйесі өзгертіледі. Енді трафик арнайы тізімге енгізілген және Роскомнадзордың белгілі бір ережелері бойынша алмасу нүктелері арқылы ғана өтуі тиіс.
Нәтижесінде Ресейде өз ресурстары, іздеу жүйелері мен сервистері бар үлкен жергілікті желі пайда болады.