Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин шетелдік орындаушыларды, атап айтқанда Джастин Тимберлейкті сынға алды. Қазақстандық әртістің айтуынша, әлемдік әртістердің музыкасы менталитетімізге сай емес.
Абдулиннің айтуынша, салалық ведомствоның арқасында қазақстандық тыңдаушыларға қолжетімді бағамен концерт өткізу мүмкін болып отыр.
Осыдан кейін эстрада әншілері неге әлі күнге дейін министрліктің қаржылай қолдауына мұқтаж екенін, тіпті атақ алғысы келетіндер неге көп екеніне жауап берді. Оның айтуынша, қазақстандық әншілердің шетелдіктермен салыстырмау керек.
«Біз өз эстрадамызды насихаттауымыз керек. Бізге олардың мәдениеті қажет емес. Мысалы, Джастин Тимберлейк мен үшін ешкім емес. Бұл басқа елдің әртістері, олар біздің менталитетімізге сәйкес келмейді. Егер олардың тілінде ән айтсақ ешкімді таң қалдырмаймыз», – деді Нұрболат.
Сондай-ақ, әртістер жанкүйерлер үшін орасан зор шоу өткізуге дайын емес екендерін жеткізді, себебі қазақстандық көрермен шетелдік орындаушылар сұрайтын ақшаны шығара алмайды. Сондықтан да кез келген жеке концерт өзін ақтамайды.