6 жылға сотталған Гаухар Әлімбекова абақтыдан уақытша босатылды. Сот адвокаттың Әлімбекованы қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды.
Гаухар Әлімбекова бәріне алғыс айтып, қазақстандықтарға үндеу жолдады:
«Қымбатты халқым, әріптестерім, жанкүйерлерім барлықтарыңызға көп рақмет! Мен үшін уайымдап, жүректеріңіз менімен болғанын мына жақта жүріп сездім. Барлықтарыңызға бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!»
Естеріңізге сала кетейік, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.