Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ақтөбеде оқушылары төбелескен мектептің директоры қызметінен кетті

145

Бұл жолы дауды оқушылардың ата-анасы көтерген. Оқушылардың төбелесінен соң мектеп директорының қызметінен кеткеніне олар қарсы.

“Бұл оқиға менің баламның сыныптастарының арасында болған. Қате барлық жерде бар. Мен өзім осы мектепті бітіргенмін. Мынадай келеңсіз жағдай бірінші рет болып тұр. Қазір екі балам осында оқиды. Біз оқиғаның мектеп директорына кесірі тигенін қаламаймыз”, – дейді ата-ана Айжан Қазбанова.

“Директордың орнында қалғанын қалаймыз. 9 сыныпта оқитын балам үйге жылап келді.  “Мектепке барып айтыңызшы, апайымызды қалдырсын” деп балалар жылап жүр. Директорымыз мектепте болған жағдай үшін өз еркімен кетіп жатқан. Бұл жағдайға тек директор кінәлі емес, ата-аналар да кінәлі. Қазір қоғам дұрыс емес”, – дейді Шәкизада Сүйінова.

Ақтөбеде мектеп оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға түскен

Ал облыстық білім басқармасының басшысы оқушының қатарласына пышақты қоңырау кезінде тығып алғанын айтып берді.

“10 сынып оқушылары қоңырау кезінде төбелесіп қалған. Ол жерде қызметтік тексеру жүрді. Мектеп басшысы өз арызымен қызметтен кетіп жатыр. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мұғалім ретінде қалдырылды. Мектепте психологтар жұмысы жеткіліксіз деп бағаланды. Қазіргі уақытта оқушылардың тәртібіне қатысты ата-аналармен, оқушылармен жұмыстар жүргізіліп жатыр “, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Естеріңізге салсақ, 8 желтоқсан күні дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында екі оқушының арасында жанжал болып, 10 сынып оқушысы қатарласына пышақ сұғып алғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Пышақ жүрегінің тұсына 5 см тереңдікке кірген оқушыға ота жасалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз