2015 жылы «Егіз-лебіз» әнімен көпшіліктің жүрегіне жол тауып, ел сүйіктісіне айналған «Арнау» тобы араға үш жыл салып жаңа бейнебаянын ұсынды. Махаббат тақырыбындағы әнге таспаланған бейнебаянда ғашықтардың рөлін қос әншінің өздері сомдаған.
Бейнебаянда ғашықтардың аядай бөлмедегі тіршілігі көрініс тапқан. Әншілердің өзі бір-біріне ғашық жандардың рөлін нанымды етіп, тамаша сомдап шықты.
Мұны желі қолданушылары да байқап, олардан «кезінде тамаша жұп шығар еді» деген пікірлерін қалдырып жатыр.
Ал туындыға қатысты баға берген тыңдармандары тәнті болғандарын жеткізді.
«Қайта оралуларыңызбен! Керемет», «Негізі қара бала мен қара қыз жақсы дует. Әдемі жұп та болар еді. Жарасады негізі», «Керемет ән болыпты. Құтты болсын!», «Әдемі ән екен. Тыңдай бергің келеді. Дауыстарыңыз да сондай үйлесімді», – дейді пікір қалдырушылар.