Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Трамп үкімет жұмысын тоқтатамын деп сес көрсетіп жатыр

259

Президент Конгресс палатасындағы Демократиялық партия лидерлері Нэнси Пелоси мен Чак Шумермен кездескеннен кейін осындай мәлімдеме жасаған.

АҚШ президентіне қарсылық көрсетіп жатқан конгрессмен-демократтар құрылысты қаржыландыруды тоқтатып тастаған. Олар тек 1,3 млрд доллар бөлеміз дейді.

Олар америка шекарасының қауіпсіздігін қолдай отырып, бірақ қомақты көлемде қаржы бөлуге қарсы болған. Егер Конгресстің екі палатасы да бюджетті қолдамаса, онда мемлекеттік ұйымдар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.

Трамптың президент сайлауы алдындағы уәдесінің бірі – Мексикамен араға заңсыз миграцияны тоқтату үшін, алып қорған салу еді. Сәуір айында ол ұлттық гвардияға мигранттар ағымынан қорғауды бұйырған. Қазір шекараны екі мыңға жуық гвардияшылар қорғап тұр.

АҚШ президенті тамыз айында қорған құрылысына 3,5 млрд доллар бөлінгенін мәлімдеген. Ол құрылыс арқасында кейбір аудандарда мигранттар ағымы 90 пайызға азайғанын айтқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз