Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ақтөбедегі сырға үшін төбелескен қыздарға байланысты мектеп директоры шындықты айтты

223

Ал бірінің анасы ащы суға әуес деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Алға қаласындағы №4 мектептің директоры анасы ішімдікке салынған оқушының жағдайы туралы қалалық әкімдікке бірнеше рет ақпарат берген. Мектеп директоры учаскелік полицей де, әкімдік тарапынан да ешқандай шара қолданылмағанын ашына айтты.

“Тәрбие – табалдырықтан, отбасыдан басталады. Бала жаман дегенді көп естіп жүрміз. Ата-ана алдымен өзіне қарау керек. Балаға үйде не беріп, не көрсетіп жатырмыз?! Төбелескен оқушыны айтайын, оның шешесі арақ ішеді. Бала отбасындағы жағдай туралы айтқан емес. Мүмкін шешесі болған соң шығар, үйіндегі мәселені айтпайды.

Баланы көрсеңіз, ішімдікке салынған әйелдің қызы деп ойламайсыз. Сабақтан қалмайды, үнемі таза жүреді. Ол үйге кім көрінген барады. Оны бәрі, учаскелік полицей, қала әкімшілігі де біліп отыр. Мен ойлаймын, сонда учаскелік полиция қайда қарап отыр? Ардагерлер кеңестері қайда? Баланың жағдайына бей-жай қарамауымыз керек.

Неге барлығы мектептің жүгі болып қала беру керек?! Әрине,”Ағай, біз төбелесуге бара жатырмыз, осында келіңіз” деп ешкім айтпайды. Өкінішке орай, мұндай кезде тек мектеп кінәлі болып шығады. Мектептің арқасында мәдени шара, спорт та, концерт өтеді”, – дейді Алға қаласындағы №4 мектеп директоры Әбдімұрат Қорғулин.

Мектеп директоры ішімдікке салынған әйелдің оқушы қызына қатысты ұсынысты әкімшілікке де, полицияға да хабарланғанын жеткізді.

“Бұл үнемі жүргізілетін жұмыс. Біз әр баланың жағдайымен таныспыз. Мүмкіндігінше мектеп көлеміндегі тәртіпті барынша беріп отырмыз. Оларды сыныптан тыс жұмыстарға тартамыз. Жасыратыны жоқ, қиын отбасы балаларына мұғалімдер болып тамақ та береміз. Шешесі арақ ішкен соң үйіне бәрі жиналады. Мектеп инспекторы ол үйге үнемі барып отырады”, – дейді директор.

Мектеп басшысы қызымды қан-жоса қылды деп БАҚ өкілдерінен көмек сұрап жүрген әйелдің сөзіне күмәнмен қарайтынын жасырған жоқ.

“Төбелескен екі қыз бірін-бірі жақсы таниды. Жақсы қарым-қатынаста жүрген балалар. Төменгі сыныпта оқитыны әлі жетпей бара жатқанда жердегі бөтелкені сындырып ұрып жіберген. Мен ешкімді жақтамаймын. Төбелескендері дұрыс емес. Бірақ, Instagram-ға салынған баланың бетін тіліп тастапты деген өтірік. Оның бетінде ештеңе жоқ.

Қабағының үстінде ғана сызығы бар. Бір нәрсенің ағын анықтау үшін бәрі айтылу керек.

“Бетін адам көргісіз қылып тастады” дегені шындыққа жанаспайды. Баланың бетінде ештеңе жоқ. Оны күнде көріп жүрген біз білеміз.

Ол сабақтан қалмайтын, үлгерімі орташа оқушы. Мынадай жағдай ұят болып тұр. Тәжірибелі мұғалімдеріміз жетерлік”, – дейді Әбдімұрат Қорғулин.

Естеріңізге салсақ, Алға қаласында алтын сырға үшін төбелескен оқушы қыздар туралы хабарланған еді. Енді оқушылардың мәселесі аудандық сотта емес, қалалық сотта қаралатын болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз