Хит әндерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген Ерке Есмахан “еркек” аққуға іздеу салды. Әншінің Instagram парақшасындағы жазбасы жұртты күлкіге қарық қылып, қызу талқыға түсті.
“Неге кейбір әншілер осындай әдепсіз екен? Тым ұшқалақсыз. Байсырап жүргеніңізге сенбеймін”, “Әлі де еркек аққудан үміттісіз бе?”, “Нағыз аққуың бірінші күйеуің еді. Бағалай білмедің”;
“Басыңдағы бақты көтере алмай жүрсің-ау. Соңғы уақытта тым шошаңдап кеттің”, ” Еркек деп жазбай, әдептілігіңді, мәдениеттілігіңді, инабаттылығыңды көрсетіп, “сыңары” деп жазбайсың ба? Өнер адамы деп сендерді айтуға болмас. Киелі сахнаны қорламаңдар! Мәдениетті болуға, сөздің де мәнерін келтіріп сөйлеуге үйренетін уақыттарыңызда болды ғой” , – деп сөкті желідегілердің бір бөлігі.
Соынмен бірге, “Әлі де бақытты боласыз”, “Күйеуден үмітіңізді үзбеңіз”, “Іздеген жетер мұратқа” дейді”, “Сол адамды үндемей күтсең де, келеді ғой. Шыдай біл”, – деп тілек білдірген жандар та табылды.