Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Үндемейін деп ем…”. Әбдіжаппар Әлқожа Ернар Айдардың аузын жапты

299

Осы орайда әнші ренішін білдірген әріптесіне жауап берді деп жазады “31” арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

“Кеше екеуміз бір-бірімізді көріп қалған болатынбыз. Сәлеміміз түзу. Бәріміз бір тонның пұшпағын илеп жүргендіктен, ешкімнің ешкімге өкпесі жоқ.

Мен аранжировканы жасап қойғаннан кейін барып, жігіттер Ернардың ол әнді орындап шыққанын айтты. Дауыс жазып жүргенде, уақыт болмады. Аздап қателік жібердім. Ернарды үндемей жүре бере ме деп ойлағанмын”, – деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Сондай-ақ әнші әннің әзірбайжанның әні екенін айтты.

“Ол – әзірбайжанның әні. Сондықтан оған талас жоқ. Кезінде де бір әнді үш түрлі әнші орындап жүрді. Осының бәрін Ернар түсініп, “жабулы қазан жабулы күйінде қалсыншы” деп тұр. Мен де сондай ойдамын”, – деп шымкенттік әнші көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап қайтарды.

Айта кетейік, осыған дейін Ернар Айдар өзінің әніне рұқсатсыз сөз жаздырған Әбдіжаппар Әлқожаның өзіне хабарласып, бір ауыз ескертпегеніне ренжігенін мәлім еткен еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз