Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ақмола облысында 3 жасар бүлдіршінді шетінетіп алған дәрігерлер істі болып жатыр

187

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

3 жасар Айзеренің өліміне қатысты тексеріс 1 жарым айға созылды. Сәбидің  өліміне отбасы мүшелері тегіс тұтынған шұжық себеп болды деген күдік расталмады. Айзеренің іші өтіп, ыстығы көтеріліп Бурабай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жеткізілгенде оған медициналық көмек толыққанды көрсетілмеген. Сәби 3-ші күні жан сақтау бөлімшесінде шетінеп кетті. Сөйтсе, баланы ажалдан арашалап қалу мүмкін болған. Қазір екі инфекционист дәрігер бұл іс бойынша полцияға жауап беріп жатыр.

“Астанадан тәуелсіз сарапшылар келіп тексерді. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің  инфекционист дәрігерлері толыққанды ем шара қолданбаған. Баланың мүшкіл халін ескермеген. Қазір процессуалдық шара қолдану үшін істі тергеушілерге тапсырдық. Қандай жаза қолданылатыны содан соң шешіледі”, деді Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз