Парижде полиция билікке наразылық білдіріп шеруге шыққан «сары жилеттілерге» көзден жас ағызатын газ шашты.
Бұл жолы Париж көшесінде тәртіпті қамтамасыз етуге осыған дейінгіден әлдеқайда көп – 8 мың полиция қызметкері жұмылдырылған. Бүкіл ел көлемінде 89 мың полиция өкілі кезекшілік атқармақ. Полицияның мәліметі бойынша, 278 адам ұсталған. «сары жилеттілер» қозғалысы биліктің жанармай салығын қымбаттатуына қарсылықтан басталған.
Дереккөз: azattyq.org