Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-6
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Қостанай облысында тағы бір қаланың атауы қазақшаланды

169

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында тағы да бір қала пайда болуы мүмкін екенін айтқан еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кейін Затобол кентінде осы елді мекенге қала мәртебесін беру және атын өзгерту мәселесіне арналған жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді. Тұрғындар бұл ұсынысты толықтай қолдаған-ды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова мәлім еткендей, алдағы уақытта Затобол кентінің атауы өзгермек.

«2018 жылғы 9 қарашадағы республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша Қостанай ауданының Затобол кентін Тобыл қаласы деп қайта атау туралы облыс әкімдігінің ұсынысы мақұлданды. Қазіргі уақытта құжаттар Үкімет қарауында жатыр», – деді ол.

Сондай-ақ, Таран ауданын Бейімбет Майлин атындағы аудан деп атау ұсынысы Үкімет қарауына жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз