Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған қызға қолдау білдірді

112

Ксенияның Үлкен Алматы көлінде түсірген видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан соң шыққан шу туралы БАҚ-тан оқып білген Қасым-Жомарт Тоқаев қыздың табиғатты қорғау керек деген ойына қосылатынын жазды.

“Алматылық қыздың табиғаты ерекше қорықтарды қоқыспен ластамау керек деген үндеуін қолдаймын”, – деп жазды ол Twitter желісінде.

Ксения Панкратованың видеосына қатысты жұрттың пікірі екі түрлі: біреулер қыздың сұлулығы мен өнеріне тәнті болса, басқалары Алматы қаласын сумен қамтып отырған көлді ластады деп айыптады. Жағымсыз пікірлер толастамаған соң мәнерлеп сырғанаушы Instagram парақшасын жауып тастауға мәжбүр болыпты.

5 желтоқсанда Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы Ксения Панкратованы шақырып, Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанауға болмайтынын түсіндіріп, ауызша ескерту жасады.

Ал бір жарым миллионнан астам адам тамашалаған видеоролик америкалық телеарналардың бірінің назарына түсіпті.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз