Әкем “Шоқан Уәлиханов” фильмін түсірді. Мен әлі де тәжірибемнің аздығына қарамастан сол фильмде басты рөлде ойнадым.
Мен киіз үйде жалғыз қалдым. Жанымды қоярға жер таппай көйлегімнің дала-даласын шығарыпжыртып, түні бойы намыстан өртеніп кете жаздап жылаумен болдым.
Таңертең әкемнің “Сағи” деп айқайлаған даусынан оянып кеттім. Әбден қалжырап шаршағанмын, қарным ашып барады, екі көзім қып-қызыл. Кенет әкем: “Түсіру алаңын дайындаңдар! Науқас Шоқанды түсіреміз!” деп айқайлап жіберді.
Сол жолы менің үрейлі жүзімді көрген бір бөгде кісі: “Асеке, мынау шынымен сіздің балаңыз ба?” деп таңқалғаны бар.
Мен әкеме сол күндері қатты ренжитінмін…
1999 жыл.
Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан