Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Тырысты, бірақ түк шықпады”. АҚШ Астана процесін доғаруды ұсынды

811

14 желтоқсанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бойынша Стаффан де Мистура мырзаның баяндамасы жоспарланған. Егер оған дейін Сирияға қатысты шешім табылмаса Астана мен Сочидегі бастамаларды доғару керек.

Коммерсант” жазғандай, “АҚШ Сириядағы шиеленісті реттеу жөніндегі Сочи және Астана процестерін жалғастырудың мәні жоқ деп санайды”, деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің Сирия бойынша арнайы өкілі Джеймс Джеффри.

Бұл біздің ұсынысымыз, және де Сириядағы жағдайға алаңдайтын БҰҰ-дағы көптеген ірі елдердің көзқарасы да осындай. Сочи мен Астананың осынау біртүрлі бастамасының жалғаса бергенін ешкім қаламайды. Олар де Мистураға (Сирия жөніндегі БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистура) ұсыну үшін өз еркімен өздерінің мойнына конституциялық комитет құру жұмысын артып алған“, — депті Джеффри.

Оның айтуынша,

астаналар мен мен сочилер тырысты, бірақ онысынан түк шықпады“.

“Егер 14 желтоқсанға дейін шешім табылмаса Сочи мен Астана процестерін тоқтату керек”, дейді ол.

Қараша айының соңында Стаффан де Мистура отставкаға кететінін мәлім еткен. Италиялық дипломат Сирияда конституциялық комитет құру жөніндегі келіссөздерге жетекшілік етеді, ал келіссөздер тығырыққа тірелді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз