Шекара қызметінің әскери қызметкерлері күні-түні, аптап ыстық пен сарышұнақ аяздарға қарамастан Мемлекеттік шекараны күзетте жүріп, әртүрлі күтпеген жағдайларға әрдайым дайын жүреді. Бірақ мынадай жағдай бірінші рет орын алды.
Оқиға Жамбыл облысының Қордай ауданында болды. 2018 жылғы 2-желтоқсанда сағат 19.30-дар шамасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2038 әскери бөліміне қарасты «Ауқатты» өткізу пункітінде Қырғызстан аумағынан келе жатқан Фарида есімді отандасымызды аяқ астынан толғақ қыссын.
Шекара наряды асып-саспай, ауыл ауруханасынан медицина қызметкерлері келіп жеткенше жүкті анаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, туытты да қабылдап үлгерді.
Сөйтіп «Аухатты» өткізу пукітінің әскери қызметшілері дүниеге жаңадан келген торсық шеке ұлдың өкіл әкелеріне айналды. Келіп жеткен жедел жәрдем көлігімен жас ананы Сортөбе ауылының ауруханасына наряд басшысы, шекарашы-офицер өзі алып барды. Ананың да, нәрестенің де денсаулықтары жақсы.