Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
3
USD
442
-2.48
EUR
476
-1.91
RUB
4.86
+0.01

Жезөкшелер үйін ашқандарға жаза күшейтілді

Тәжікстанның Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл қылмыс түрі бойынша айыпты деп танылғандар 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады.

Осыған дейін жезөкшелер үйін ашқандарға 5 мыңнан 10 мың сомониға (1,1 мың доллар) дейін айыппұл салынып, 5 жылға дейін түрме жазасы кесілген.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, соңғы аптада аталған айып түрі бойынша, екі адам ұсталған.

Тәжікстанда жезөкшелікпен айналысқан қыз-келіншектерге 500-ден 1 мың сомониге дейін айыппұл салынады. Егер екінші қайтара ұсталса, 2 мың сомониге дейін айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін қамауға алынбақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз