Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ақтөбелік ұсталды

Бұл туралы мәлімет ҚР ҰҚК сайтында жарияланды.

“2018 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды”, – делінген сайтта.

Олардан тұрғылықты мекенжай бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың алынғаны айтылады.

Комитеттегілердің мәліметінше, 17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз