Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев хабарлайды, деп жазады Stan.kz.
Желіде тарап кеткен дауысты хабарламада мектеп қабырғасынан табылған пакеттегі күмәнді сағыздар туралы айтылған.
“Балаларға құрамында қытайлық синтетикалық есірткілер бар сағыздар мен тәттілер таратуда. Мектепте сондай есірткі бар бүтін пакет табылды. 5 сыныптың кейбір оқушылары тіпті оларды татып үлгерген. Бұны екінші рет қолданғаннан кейін балалар нашаға тәуелді болады екен”, – делінген дауысты хабарламада.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері халық арасында арандату тудырып, ақпаратты арнайы таратқандарға іздеу шараларын жүргізуде