Белгілі тележргізуші Дана Нұржігіт бояусыз түрін көрсетемін деп желіде қызу талқыға түсті.
“Астанада уілдеген жел, жапалақтап қар жауып жатыр. Сонымен бұл қалада ұзақ болатын қыс та келіп жетті. Ертеңгі таңдарыңыз қайырлы болсын. Жайлы жатып, жақсы тұрыңыздар. Түн тыныштығын тіледім сіздерге, аман болайық”, – дейді Дана.
Желі қолданушылары тележүргізушіні даусынан танығандарын атап өткен.
“Боуясыз жап-жас екенсіз”, “танымай қалдым”, “танымай қалып, кейін барып әдемі даусыңнан таныдым, әумин, айтқаның келсін. Өзіңе де тек сәттілік” – деп жазды олар.