Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
13
USD
442
-2.48
EUR
476
-1.91
RUB
4.86
+0.01

Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаға тағылған айыпқа байланысты пікір білдірді

«Ештеңе білмеймін. Бірінші рет естідім. Білуімше, 2015 жылдары болған жайт. Ал ол бізге жұмысқа бір ай бұрын ғана келді», – деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, министр орынбасарларын өзі тағайындамайтынын атап өтті.

«Министр вице-министрлерді тағайындамайды. Олар Үкімет қаулысымен тағайындалады. Ол – тәжірибелі адам. Мән-жайды шешеді деп ойлаймын», – деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне іліккенін мәлім еткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз