Елорданың 20 жылдығына арналған жастар арасындағы «Жаңа белес» фестиваль-байқауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
“Шараның басты мақсаты – аты айтып тұрғандай жастарды жаңа белестерге жетуге мүмкіндік беру, жетелеу. Фестивальде өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, жастардың бір-бірімен танысу, замандастарымен идея алмасу мүмкіндігі қарастырылған.
Тағы бір ерекшелігі, бұл тек колледж студенттерінің арасында өтуде. Бір апта бойы 35 колледждің студенттері 5 бағыт бойынша өз өнерлерін ортаға салады. Бұдан бөлек бізде А-35 жобасы бар, оның аясында 35 колледж студенттеріне арналған түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылады”,- деді Астана жастары ММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аян Ерментаев.
10 қарашаға дейін болатын фестиваль: «Мәнерлеп оқу», «Вокал өнері», «Би өнері», «Ең ақылды», “Фотобайқау” сынды номинациялар бойынша өтуде.