Алматыда Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті бала өлімі тіркелген аурухананы тексеруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалады. Олардың айтуынша, кеуде тұсы жарақат алып, ағзасы жұқпаның кесірінен интоксикацияға ұшыраған. Кішкентай пациент кезекші дәрігер мен реаниматолог дәрігердің бақылауында болған. Сонымен қатар кеңес алуға С.Асфендияров атындағы университеттің кафедра меңгерушілері де тартылды.
Алайда, жасалған барлық ем-шараларына қарамастан 19 тамызда баланың жағдайы нашарлай түскен. Дәрігерлер баланың жанын арашалап қалу үшін 16 сағат күресті. Соған қарамастан баланың қан айналымы тоқтап, бұл дүниемен қош айтысты.
Баланың не себепті өлгенін тексеру үшін барлық материалдар мен анасының шағымы қалалық полицияға тапсырылды. Бүгінде полицияның тапсыруымен қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті инфекциялық аурухананы кезектен тыс тексеруді бастады.
Тергеу органдары ауруханада баланың неден көз жұмғанын анықтау үшін арнайы сот-медициналық сараптама тағайындады. Басқарма тексеру нәтижесіне орай тиісті шаралар қолданатын болады.