Отандық қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласының басшылығы өндірістің сандық және сапалық қасиеттерін жақсартудың құралы ретінде, жобалау басқаруды жетілдіруге ерекше назар аударуда, деп хабарлады kaz.365info.kz порталына аталмыш министрліктің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылғы қыркүйектің соңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі жобалау офисінің өкілдері «Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы»акционерлік қоғамы (АҚ) сарапшыларымен жұмыс кездесуін өткізді.
«Біз коммерциялық орталықты мақсатты операциялық моделге көшіру бойынша жұмыс атқардық. Қазіргі таңда «Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ мемлекеттік бюджет тарапынан ғана емес, сондай-ақ коммерциялық қызмет көрсету есебінен де қаржыландырылады. Осы орайда, атап айтарлығы, коммерциялық қызмет көрсетуден түсетін табыс орталық бюджетінің 50 процентін дейінгі соманы құрайды», — дейді ойымен бөліскен «Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестігі орталығы» АҚ жобалау офисінің жетекшісі Шолпан Сапарғали.
Өз кезегінде, Қазакқстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлері ведомствода енгізілген жобалау қызметін басқарудың жүйесі туралы әңгімелеп берді. «Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ өкілдеріне қызметтің ағымдағы нәтижелері және министрліктің жобалау офисінің алдында тұрған сын-қатерлер туралы ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі мен «Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестігі орталығы» АҚ қызметкерлері жобалау басқаруды табысты енгізудегі тәжірибе алмасу бойынша одан ары әрекеттестіктің қажеттілігіне сенімділік білдірді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің жобалау офисі өзінің жұмысын 2017 жылғы 1-ші наурызда Қазақстанның үшінші модернизациясы бағдарламасының аясында бастаған болатын. Ведомствоның жобалау қызметі басымдылықтары ретінде қорғаныс өнеркәсібі кешені мен ғарыш саласын дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету анықталған болатын.
Офис жұмысы басталғаннан кейін, бірден жобаларды енгізу алгоритмін дайындау басталды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі жобалау офисінің жұмысына ведомства орталық аппараты қызметкерлерінен бөлек, баму институттарының басшылары, сондай-ақ ғылыми институттар мен сарапшылар қауымы тартылды.
Ақпан айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін 2028 жылға дейінгі дамытуының стратегиясы жасалытыны туралы белгілі болды. Бағдарламалық құжат жаңа басқару моделі негізінде саланың кешенді дамуын анықтайды деп, күтілуде.
Ведомство жұмысы негізгі басымдылықтарының ішінде жаңа және перспективасы бар әскери қару-жарақ, техника түрлерін өндірудің толық циклын басқару және еліміздің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қызмет көрсету де бар. 2017 жылы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі жанынан құрылған ғылыми-техникалық кеңес перспективалық жобаларды іріктеп алуда.
Қазақстан Қарулы күштерін қайта қаруландыру және қорғанысы өнеркәсібі кешенін 2030 жылға дейін дамыту концепциясына сәйкес, Қазақстанның қорғаныс кәсіпорындары әскери және қос пайдаланым мақсатындағы өнімдерді өндіруге, сондай-ақ ұзақмерзімдік контрактілер жасауға, негізгі капиталды тиімді пайдалануға және жаңартуға бағдарланған.
Болашақта қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары өз профилі бойынша сервистік қызмет көрсетуді де, сондай-ақ сатудан кейінгі қызметтердің толық спекторын көрсетуді игереді. Бұл шаралар саланың табыстылығын арттыруға бағытталған.
Жақын жылдарда қорғаныс өнерксәсібінің тоғыз кәсіпорнында технологиялық модернизация жүзеге асырылмақ. Осылайша, бүкіл қорғаныс өнеркәсібі кешенінің төрттен бір бөлігінде материалдық-техникалық жаңару жүзеге асатын болады.
2017 жылдың қорытындылары бойынша, өндіріс көлемі 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда, 14 процентке өсіп, 80 млрд теңгеге дейін жеткен. Қорғаныс өнеркәсібі кешені өнімдерінің экспорты екі есе өсіп, 16 млрд теңгені құрады.
Ғарыш саласының инфрақұрылымын дамыту, ұлттық спутник топтастығын жаңарту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту, жобаларды коммерциялау жөніндегі жұмыс жалғасын табуда. Мәселен, «Бәйтерек» қауіпсіз ғарыш зымыраны жүйесінің жаңа экологиялық қауіпсіз жобасын құру жөніндегі жол картасын жүзеге асыру жалғасуда.
KazSat байланысы ғарыш жүйесі, жерді қашықтықтан сүңгілеу, яғни зондтау жүйесінің спутниктері қалыпты режимде жұмыс істеуде және экономика, қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелерін шешуді табысты қамтамасыз етуде. 2017 жылы KazSat жүйесі 5 млрд теңгеден астам сомада табыс әкелді және шетелдік спутниктер ресурстарын пайдалануды қысқарту есебінен 12 млрд теңге көлеміндегі импорт алмастыруды қамтамасыз етті.
2017 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі және аэроғарыш министерлігі Қазақстан кибер қауіпсіздігін дамытудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдерін дайындады. Ведомство «Қазақстанның кибер қалқаны» тұжырымдамасын және осы тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын дайындады.
Сөйтіп, жүзеге асырылатын және жоспарланған жобалардың саналуандығы мен маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің жобаларды басқару жүйесі алғы шепке шығып отыр. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің жобалау офисі «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялаудың жобалау офисімен ынтымақтаса әрекет етуде.
Қор активтерді пайдалы әрекеттердің коффициенттері арқылы басқарудың портфельдік басқаруына көшті. Кемелденген портфельдік компаниялардың дивидендтері қайтадан ұлттық экономиканың жаңа секторларын дамытуға инвестицияланады, жекешелендіру аясында қор портфелінен активтердің бір бөлігін шығару жүзеге асады
Трансформация фокусы портфельдік компаниялар деңгейіне ауысады. Корпоративтік бизнес-процесстердің стандартизациясы мен цифрландыруын, сатып алу қызметінің жаңа моделін, жоспарлаудың біріктірілген жүйесін және тағы басқаларын қосқанда, бұл салада трансформацияның 130 жобасы жүзеге асырылуда.
Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы – жаңа тұрпаттағы мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту жөніндегі қазақстандық жетекші талдау және сараптау орталығы.
«Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестігі орталығы» АҚ қызметі мемлекеттік-жеке әріптестік аясындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды бағалауға, зерттеулер, сараптамалар жүргізуге және бағалауға жұмылдырылған. Орталық жобаларға толық ілеспе кеңес беруді қамтамасыз етеді және олардың жүзеге асырылуына қолдау білдіреді. «Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестігі орталығы» АҚ қызметіндегі елеулі орынды ғылыми қорды қалыптастыру және кадр әлеуетін дамыту алып отыр.