Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жоғары оқу орындарының ректорларынан елді дамыту үшін өнертапқыштық ұсыныстар күтетінін жеткізді.
Мемлекеттік баспасөздің жазуынша, түркімен президенті аталған тапсырманы 19 қазанда, үкімет отырысы кезінде мәлімдеген.
Елдің ауыл шаруашылығы саласына түбегейлі реформа жасау вице-премьерге және Түркімен ауыл шаруашылығы университетінің ректорына тапсырылған.
Ал мемлекеттік медицина университетінің ректорына денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты мәселелерді зерттеуді тапсырған.
Гурбангулы Бердімұхамедовтің мұндай ұсыныстары елінде болып жатқан экономикалық дағдарыс аясында айтылды.
Түркімен халқының дені жұмыс іздеп шетелге кетіп жатыр.