Еліміздегі ең танымал актерлердің бірі Тұрсынбек Қабатов балаларының өнерге қадам басуына қарсы емес сыңайлы. Жақында 5-ші мәрте әке атанатын Қабатовтың перзенттері өнерден құр алақан емес.
Тұңғышы Адема би билесе, ортаншы қызы Айым ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатында өнер көрсеткен болатын, деп жазады Stan.kz.
Ал үшінші қызы Ninety one тобына пародия салып, желі жұлдызына айналған болатын.
Бұл орайда Тұрсынбектің тұңғыш қызы Адемамен бірге сахнаға шығуға дайындалып жүргенін айта кетейік.
Желіде пайда болған мына видеода әкесі мен қызы жердің шаңын шығарып билеген. Желі қолданушылары Қабатовтардың бұл өнерін де жоғары бағалауда.
“Әкесі мен қызының биін саxнада тамашалағыңыз келеді ме?Дайындалсын ба, ағайын?” – дейді Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова.