Ұлттық банктің қыркүйекте қомақты интервенциялармен ішкі валюта нарығына қайта оралуы оның қатысушыларының алыпсатарлық ниетін толық басып тастай алмады.
Естеріңізге салсақ қаржы реттеушісі 2017 жылғы қазаннан бері алғаш рет ауқымды интервенцияны жүзеге асырды. Өйткені нарыққа қатысушылар шетелдік валютаны тұтынушыларға ұсынбай, ұстап қалған.
Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын құтқару үшін $520,6 млн жұмсауға мәжбүр болды
Атап айтарлығы, бұл сома небәрі 3 күнде сатылған! Тиісінше, бас банктің еркін айырбастағы шетел валютасының активі $412 млн-ға азайып, $17 млрд 277 млн-ға дейін төмендеген.
Ал мұның өз жаман нәтиже емес. Өйткені Данияр Ақышевтің басқаруы кезінде неғұрлым жақсы көрсеткіштерге тек үш рет (2015 жылғы желтоқсанда және ағымдағы жылғы сәуір және тамыз айларында) қол жеткізілген.
Атап айтарлығы, қыркүйек айында KASE-нің таңертеңгі сессияларының нәтижелері бойынша доллардың орташа сараланған бағамы өскен жоқ, қайта біршама төмендеді: 3-қыркүйектегі 364,62 теңгеден 28-қыркүйектегі 362,52 теңгеге дейін (0,6%).
Екінші деңгейдегі банктер реттеушімен жасалған келісімдер арқылы шетел валютасын сатып алатын доллардың своп-нарығындағы белсенділік қыркүйекте тамыз айындағымен салыстырғанда, жақсы өсім берген. Келісімдер көлемі 5,7 процентке, яғни $6 млрд 687,8 млн дейін өсіп, абсолюттік шамада $363 млн-ға артқан.
Сонымен қатар,
своп-нарықтағы айналымның тамыздан бастап өсе бастағанын, ал оған дейін 2018 жылдың басынан бастап ай сайын төмендегенін атап өткен жөн.
Сондықтан Ұлттық банктің базалық ставканы 9,25 процентке дейін көтергеніне таң қалудың реті жоқ. Осыған байланысты KASE басшысы Алина Алдамберген атап өткендей, 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық валюта долларға шаққанда 9,2 проценттен айырылып, тартымдылығынан айырылды.
Ал енді Ұлттық банк долларды неғұрлым жоғары бағамен бөлетін болғандықтан, бұл долларға қарағанда, теңгенің тартымдылығын арттыруға тиіс.
Бірақ бұл банктен қарыз алушыларды қуанта қоймас. Өйткені ол несие ресурстарын қымбаттады. Бірақ Ұлттық банктің басқа таңдауы жоқ
АҚШ долларына шаққандағы KASE-дегі сауда-саттық көлемі, млн USD
Ескерту: * — КASE мәліметтері негізінде есептелінді. Дереккөз: KASE