Сахнада өзінің ашық-шашық образымен көзге түскен Луина сүр бойдақ әріптесі Кенталға тұрмысқа шығу жайлы ойланып жүргенін жеткізді деп жазады NUR.KZ.
Луина желіге: “Кенталға тұрмысқа шықсам ба екен?”, – деп сурет салған.
«Ажырап кеттік…». Төсін үлкейткен Луина күйзеліске түскен боп шықты (фото)
Осыдан кейін қос әншінің тыңдармандары олардың бір-біріне жарасатынын айтса, ал кейбірі Луина мен Кенталдың мүлде сәйкес келмейтінін жарыса жазды.
“Бақытты болыңыздар”, “Мен сіздерді үйленеді деп ойламаймын”, “Өнер адамын қайтесің? Одан да қарапайым жігіт тап”.
“Кенталға сай емессің”, “Сіздерден жақсы өнерлі отбасы шығарды деп ойлаймын”, “Жасыңыз келді, тұрмысқа шығып алыңыз” деп кеңес берді оқырмандар.