Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Қол-аяғын байлап…”. Өз баласын өлтірген ақтаулық әйелдің көршілері мән-жайды айтты

1266

«Ұлым маған жүгіріп келді. Көршілердің айтуынша, ол баласын итеріп жіберген. Салдарынан оқушы басынан жарақат алып көз жұмған» – дейді көршісі Нуне Аванесянц.

Көршілердің айтуынша, анасы мен баласы мұнда осыдан үш ай бұрын көшіп келген. Келіншек күйеуімен ажырасып кеткен екен. Тек арагідік әкесі ұлымен кездесіп тұрыпты. Бірақ, соңғы екі айда әйелдің жүріс-тұрысында өзгерістер байқалыпты. Тіпті, мектепке барып өздігінен шу шығаратын болған.

Ақтауда анасы 9 жасар ұлын өлтіріп тастаған

«Мүмкін оның кішкене есі ауысқан шығар, білмедім. Білуімше, ол шаштаразда жұмыс істейтін. Баласы сүп-сүйкімді еді. Күнде далада бірге жүретін. Таңертең мектепке шығарып салып, кешкісін күтіп алатын.

Өз басым таңқалып отырмын. Анасы баласын қатты жақсы көретін. Көршіміз барып көріпті.

Айтуынша, ол баланың қол-аяғын байлап, ұрып соққан. Бірақ, мен оған сенбеймін» – дейді көршісі Зура Нагаева.

Қанды оқиға жексенбі күні болған. Баланың анасын сол күні тәртіп сақшылары ұстап алып кетті. Ал күдікті әйел өз қылмысын толығымен мойындаған.

Тіпті, өзінің асқан қатыгездікпен бауыр еті баласын өлтіргенін де растапты. Ал, бұл іске қатысты аймақ ішкі істер департаменті былай деп қысқа қайырды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-тармағына сай қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дәл қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды» – дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева.

Дерекөздерге сүйенсек, марқұм болған оқушы қаладағы № 7 мектептің 3-сыныбында оқыған. Әзірге мектеп әкімшілігі бұл сұмдық жағдайға қатысты тіс жармай отыр.

Ал Ішкі істер департаменті қылмыстық іске байланысты тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтауда анасының 9 жасар баласын аса қатыгездікпен өлтіргені жайлы хабарлаған едік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз