Астанада 59 жастағы ер адам көлігімді айдап кетті деп жалған ақпарат бергені анықталды.
Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.
Полицияға ер адам “Daewoo Racer” көлігін айдап кеткенін айтып, шағымданып келген. Құқық қорғаушылар аталған факті негізінде “Заңсыз көлікті иемдену” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастайды. Алайда тергеу барысында ер адамның көлікті рұқсатсыз айдап кету туралы оқиғаны ойдан құрастырғаны анықталды.
Астана полицейлері жалған ақпаратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мұндай хабарламалар үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіледі.