Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Ақтөбеде “Алтын белгі” иегері 9 жылға сотталуы мүмкін

«Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танып, 9 жылға бос бостандығынан айыруды сұраймыз.

Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтесін», – деді мемлекеттік айыптаушы Азамат Байболатов.

Ал қаза болған Азат Дүсіповтің әкесі ақша ұсынған айыпталушыларға ренішін білдірді. Ол баласын сатпайтынын, өмірін ақшамен есептемейтінін жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде екі мектеп түлегі арасындағы өзара келіспеушілік өліммен аяқталды.

Пышақ жарақатынан №19 орта мектептің түлегі Азат Дүсіпов аурухананың жансақтау бөлімінде қаза тапты.

Сотқа дейінгі талдау кезінде айыпталушының қорғаушылары қаза болған Азат Дүсіповтің ата-анасынан кешірім сұрады. Ал негізгі сот отырысы кезінде екі жігіт арасындағы жанжал би алаңында басталғаны белгілі болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз