Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Мәдина Әбілқасымова: 1 қаңтардан бастап 275 мың қызметкердің жалақысы өседі

Ең төменгі жалақының өсуі экономиканың барлық секторларында жалақысы төмен лауазымдарда жұмыс істейтін 1,3 млн адамның еңбекақысының өсуіне жол ашады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өседі. Олардың жалақысы орта есеппен 35%-ға өседі.

«Ең алдымен I-IV санаттағы жұмысшылар, орта арнайы білімі бар, еңбек өтілі төмен негізгі, әкімшілік және техникалық жұмысшылардың еңбекақысы өседі.

Мәселен, негізгі қызметкерлердің ішінде бұл – тәрбиешілер, әдіскерлер, зертханашылар, медбикелер, фельдшерлер, акушерлер және т.б.

Әкімшілік, көмекші, техникалық қызметкерлер – техниктер, аудармашылар, әдіскерлер, іс жүргізушілер, мұрағатшылар, хатшылар, операторлар және т.б.

Қазіргі уақытта біз Үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірлеп, оны орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бекітуге жібердік», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз