Бұл туралы South China Morning Post жазады. Бұрынғы президентті сыбайлас жемқорлықпен айналысты, бюджеттегі қаражатты орынсыз жұмсады және қызмет бабын пайдаланды деген айыппен соттады. Оған 13 миллиард вон айыппұл төлеуді міндеттеген.
Сонымен қатар экс-президентті көлік құралдарын шығаратын DAS фирмасының 22 миллион доллар табысын қолды қылғаны үшін айыптауда. Іс жүзінде компанияның басшысы болып Ли Мен Бак болған, құжат бойынша компанияны оның ағасы басқарған.
Ли Мен Бакке қарсы айыптар 16 бап бойынша сәуір айында басталған. «Барлық дәлелдерге қарамастан, ол өз кінәсін мойындамай, жауапкершіліктің бәрін басқаларға сырып, өзіне жала жабылғанын дәлелдемек болды. Барлық факторларды ескере отырып, оған қатаң түрдегі жаза беруді шештік», – дейді сот.
Сот процессі тікелей эфирде көрсетілді. Бұрынғы президент денсаулығына байланысты және тікелей эфирден көрсетілетініне қарсылық білдіріп сотқа келмеді. Оның жасы қазір 76 да, саясатқа Hyundai Construction компаниясының директорлар кеңесінен келген.
Басылымның мәлімдеуінше, мемлекеттің соңғы президенттері өздерінің мерзімдері біткеннен кейін түрмеге жабылған. Ли Мен Бактен кейін президент тағына отырған Пак Кын Хеде жемқорлықпен айналысты деп айыпталып 24 жылға сотталып, 95 миллион доллар айыппұл төлеген.