Мәдина Садуақасова тұрмысқа шыққалы өзін «кәрі» деп сынағандарға ашулы.
Тыңдармандары оның жас жігітті қаратып алғанын аздап қызғанатын сияқты. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды.«Жақында 39-ға келдім. Әрине жаспын, өмірімнің бәрі алда…
Бірақ, бір байқағаным, Олжасқа тұрмысқа шыққан күннен бастап, адамдар менен кәріліктің белгілерін іздей бастады, тіпті бір сәтсіз ракурстағы суреттердің астында: «мінеки, келді-ау бұған да кәрілік» – дегенді оқыдым.
Айта кетейік, Мәдина Садуақасова 2014 жылы «Ел арна» телеарнасының қоюшы-режиссері Олжас Смағұловқа тұрмысқа шыққан болатын.
Бүгінде олар бір ұл баланы тәрбиелеп отыр.