Қазақтың қазіргі байлары осындайға қызығады. Безпантовый адам болмау үшін…
Рас-ау, көлігіне әдемі нөмір таққан адам – өзін өзгелерден артық сезінеді. Ондай нөмірлілер сыйлы келеді, онымен бәрі байқап сөйлеседі. Содан ғой, қазіргі қазақтар әдемі нөмір сатып алу үшін барын салады.
Олардың арасындағы бірлі-екеуінің тіпті жемқорлықпен айналысатыны да жасырын емес.
Оны білетін Үкімет те арнайы заңын шығарып, әдемі сандар жазылған екі жапырақ қаңылтырды қалталы қазақтарға сата қойғысы келеді. “Жоғары сұранысқа ие нөмірлер”, деген ресми атау да беріп қойыпты.
«Қайран ақша! Өңшең мақтаншақ». Әдемі нөмір алған «жұлдыздарға» қараңыз
Қымбат өздері.
Көп қазақтың бірнеше айлық жалақысынан да қымбат тұрады.
Жанталасып, сіз де біреуін алып қойсаңыз қайтеді?! Бюджетке кіріс түссін де: