Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Санкция ма? Ресей экономикасы былқ етпейді” – сарапшы

516

“Ресейге қарсы санкциялар күшейіп келеді. Қоғамдық пікірге сенсек, Ресей экономикасының құрдымға кетуіне ендігі бір-ақ қадам қалды.

Бірақ мұнда бір жеке тақырып бар. Олардың саясаты. Саясатта шынымен жағдай мүшкіл. Зейнетақы реформасы үшін Медведевті кінәлі етті, рубль девальвациясы халықты бақытты етпейді, губернаторлар бірінен соң бірі құлап жатыр. Санкциялар барған сайын Ресейдің саясатына ауыр тиіп отыр.

Саясаттағы өзгермейтін жағдай, елдегі коррупция, т.б. халықты әбден жалықтырды.

Ресей халқы Ұлы болып, барша әлемді қаруымен қорқытпай, басқа Батыс елдері сияқты “нормальный” өмір сүруді талап ете бастады.

Бірақ ең басты қорытынды –

Ресей экономикасы сап-сау күйде. Тіпті, өте сап-сау.

Экономикасы дегенде, мемлекеттік қаржысы мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың түтіні түзу. Мемлекеттік және олигархтық қаражатқа түк зиян тиіп отырған жоқ. Қайта рубльдік шығындары азайып, жоғары долларлық табыстары есебінен гүлденіп келеді. Сыртқы қарыздары тым аз.

Жарайды, халықтың жағдайы нашарлап бара жатқан шығар, бірақ оған кім бас қатырады? Әрине, жаңа санкциялар да қосылуы мүмкін, олар өсімді тежеуі мүмкін, бірақ одан Ресей экономикасы былқ етпейді.

Ресей экономикасын тұралату мүмкін емес. Бұл сіздерге ұнаса да, ұнамаса да – шынайы жағдай.

Тағы қайталаймын – бұл саясат емес, экономика туралы”, – дейді сарапшы.

«Қазақстанға өлім сценарийі келуі мүмкін» – Айдан Кәрібжанов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз