Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Күйеуім кісі жалдады…”. Ажырасқан келіншек айтпағанды айтты (видео)

424

Айнұр Ілиясова басынан өткен ауыр тағдырын жылап отырып, баяндап берді.

“Жиі зорлық-зомбылық көрсетіп, қол көтеретін. Алғашқы жылдары ата-енемізбен бірге тұрғанда ұрмайтын. Алайда бөлек шыққан соң, күнде ұрыс-керіс басталды. Үшінші балаға аяғым ауыр кезде оның өзгермейтінін біліп, ажырасуға бел байладым.

https://kaz.365info.kz/khyrgyzdyn-astynda-sanyn-zhaltyratkhan-kamshat-zholdybaeva-tosekten-bir-akh-shykhty-video-333963

Үшінші сәбиімді ажырасқан соң босандым. Содан ол соңымнан қалмай, “Мен сені өлтіріп кетемін. Қол-аяғыңды сындырып кетемін. Ешкімге керек болмай қалсаң, сол кезде мен сені бағамын” деп айтатын. Бірақ мен мән бермедім. Мен жоқта үйге келіп, құжаттарды алып кетеді. Кілтті алып кетеді. “Өлтірем” деп қорқытады.

“Өміріңнің құны – 50 мың теңге. Кез келген адамды жалдаймын” дейтін. Бір рет түрмеде отырып шыққан жігітті жалдаған. Ол мені бір ай бойы аңдып, бәрін біліп алған.

Содан 23 сәуір күні менің соңымнан түскен.

Содан бетіне маска киген жігіт “Айгүл” деді. Мен қараған сәтте сол бетімнен ұрып, қашып кетті. Содан полиция шақырдым да, бірден арыз жаздым.

Бірден күдікті ретінде күйеуімді көрсеттім. Одан басқа менде жау жоқ. Бір-екі күннен кейін мені ұрған адам ұсталды. Ол бәрін мойындап, күйеуімнің айтуымен ұрғанын жасырмады. Сосын қылмыстық іс қозғалды. Алайда екі айдан кейін ол істі тергеуші жауып тастады. Менің қолымдағы барлық дәлелге қарамастан, аппеляциялық сотта да бұл іс жабылды”,

– деген Айнұр оның қылмыстық жауапкершілікке тартылу керектігін айтты.

https://kaz.365info.kz/askarik-tyrsiin-korinip-tyr-zhas-balaga-khyryndagan-alagozova-yyatkha-khaldy-video-333935

“Мен оның бақытты болғанын қалаймын. Басқа әйел алсын, үй болсын. Өйткені, менің балаларым ертең әкесіне қарап бой түзейді. Бірақ, ол қазір жауапкершілікке таратылмаса, мені өлтіріп кетуі де мүмкін. Мен өлсем, менің үш балам кімге керек? Үкіметке де, туыстарға да керек емес қой.

Қазір осы оқиғадан кейін 4 ай болды мазаламайды. Өйткені, мен әлеуметтік желі арқылы шу көтердім. Осыдан кейін барып ол Қостанайға көшіп кетті.

Алайда жауапкершілікке тартылмаса, ол қайта бастауы мүмкін”, – деп жан сырын ақтарды келіншек.

https://kaz.365info.kz/akhtobenin-ashuly-zhigitteri-almatyny-taptap-otti-video-333994

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз