Өскемендегі Питер коммунарлары көшесін күл басып қалды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Оның қайдан, қалай келгенін түсіне алмаған тұрғындар абыржулы. Адам денсаулығына қандай да бір зияны бар ма деген үрей басым көпшілікте. Аспаннан қапалақтаған ақ қылауларды әуелде қар деп ойлапты олар.
– Экология департаментінің қызметкерлері күлді зерханаға алып кетті. Сондай-ақ тұрғындардың шағымына сәйкес жақын маңдағы «Май» АҚ кәсіпорнына тексеру жүргізіледі,
– деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.