Макмастер университеті (Канада) ғалымдары сүт тағамдарының пайдасын анықтады, зерттеу нәтижесі MedicalXpress басылымында жарияланған.
Ғалымдар қорытынды жасағандай, күнделікті сүт өнімдерінің үш порциясын жеу жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін азайтады, адамның өмір сүру ұзақтығын арттырады.
Зерттеуге 21 елдегі 35-70 жас аралығындағы 136 384 адам қатысқан. Ғалымдар жүргізген бақылау-зерттеу жұмыстары кезінде 6 796 өлім және 8 555 рет жүрек-қантамыр ауруына шалдығу жайты тіркелген.
Қатысушылар күнделікті пайдалантын сүт өнімдерінің порциясы бойынша төрт топқа бөлінген. Белгілі болғандай, сүт өнімдерін көп пайдаланатын (орта есеппен 3,2 порция) адамдар арасында өлім қаупі сүт тағамдарын қолданбайтындармен салыстырғанда 2,2 пайызға төмендеген.
Соған қарамастан, мамандар байытылған май қышқылдарының зиянына байланысты майсыздандырылған сүт тағамдарын ғана пайдалануға кеңес береді.