Мәссаған! Шавкат Мирзиеевтың биліктегі қарқыны барған сайын күшейе бастаған секілді.
Осыдан бірнеше ай бұрын жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Өзбекстан президенті Ферғана облысының бұрынғы басшылары мен осы аймақтағы бірқатар зауыт пен кәсіпорындарға басшылық еткен атқамінерлердің ісін сынға алды.
https://kaz.365info.kz/sogan-koshsek-putinnen-khytylamyz-sarapshy-resejden-alshakhtaudyn-amalyn-ajtty-331402
Жаңадан бірде -бір кәсіпорын ашылмаған. Жебірлер мен егеуқұйрықтар мұндағы байлықтың бәрін жеп бітірген.
Кім туралы айтып отырғанымды сезген боларсыңдар. Уәде бергенімдей, менен бұрын мемлекет басқарған ұлы адамды сыйлаймын. Сондықтан оның атын бұл іске араластырғым келмейді.
Бірақ егеуқұйрықтар Ферғана аймағындағы бар қазынаны жеп бітірген. Түк істемеген. Мұны біле тұра ешқандай депутат мәлімдеме немесе депутаттық сауал да жасай алмаған. Барлығы батыр болып, аяқ астынан енді ғана айтып жатыр.
Бұл мәселе әлі де кейбіреулерге ұнамауы мүмкін, алайда мен ашық айтуға тиіспін. Бандиттік топ бүкіл Ферғананы тонаған. Енді олардың дәурені бітті, –деді өзбек басшысы.
https://kaz.365info.kz/ej-tokhta-abilyazov-shvejtsariyada-zhyrsin-ermandy-tanymaj-otip-ketti-330804
Сонда олар кім? Өзбек президенті «жебір топ» деп кімдерді айтып отыр? «Фергана» ақпараттық агенті жариялаған бұл ақпарат жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Брқатар интернет көздері қазіргі таңда «жебір топтың» кім екендігін жазуда.
Атап айтар болсақ, олар бұрынғы президент Ислам Каримовтың зайыбы ферғаналық Татьяна мен оның сіңлісі Тамара Собирова болып отыр.
2000 жылдардан бастап, Ферғана аймағындағы барлық кәсіпорындар Собировтардың жеке меншігіне өткен. Сондай-ақ осы өңірде Ислам Каримовтың туысқаны Абдуллаевтардың да билігі жүрген.
Осы жерден басқарылып отырған республиканың барлық аймағында желісі бар «Азия» қонақ үйі, «Кувасайт» цемент зауыты, «Ферғана» тоқыма фабрикасы, «Silver Silk» фабрикасы және ондаған сауда кешендерінде Шавкат Мирзиеев атап өткен жебір топтардың әмірі жүрген. Енді міне Каримов туысқандарының дәурені бітіп, оларға да тықыр таянды. Өзбектің Ферғанадағы байшыкештері елдің қазынасын жеп бітіргенге ұқсайды.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
aikyn.kz