Павлодарда қайтыс болған адамның қабірін жартылай ашық қалдырып кеткен.
Павлодардағы қайтыс болған адамның қабірінің жартылай ашық қалған видеосы инстаграмда жарияланып, оқырмандардың таңданысын тудырды.
Видеоны желіге Павлодар қаласының тұрғыны салған.Әйел адамның айтуынша ол зиратқа бауырының басына барған.Сол жерде жабылмай қалған қабірді көрген. Видеода қабірден ақ матаның шеті крініп тұр және қабірді айнала жәндіктердің ұшып жүргенін көруге болады.
“Мына көрініске қарап жаным ауырып кетті.Қабір басына нөмір жазылған тақтайды қадап, қабірді жартылай ашық қалдырған. Осы үшін ақша алып отыр ғой,дұрыстап жауып кетпей ме”, дейді павлодарлық тұрғын.
Видеодағы зиратқа үй-күйі жоқ қайтыс болған адамдарды жерлейтін павлодарлық бір фирма жауапты болып шықты. Үй-күйсіз қайтыс болған павлодарлықты жерлеу рәсімі 7 қыркүйекте болған.Жерлеу рәсімін екі қабір қазушы жүргізіп жатқан.
“Олар қабірді қазып болып,мәйітті орналастырып бола бергенде оларға бір топ ұялы ара тап беріп,шағып тастаған.Қабірді жабуға мүмкіндік бермеген. Мәйіт көрініп қалмас үшін шала-шарпы жауып,тақтайша қойып кеткен.Ол жерде араның омартасы болған болу креек. Бүгін барып толықтай жауып қайтты”, деді жерлеу фирмасының жетекшісі Анатолий Ковнишер.
Фирма жетекшісінің айтуына қарағанда бұндай жағдай бірінші рет болып отыр.
“Бұл жерде ешқандай келеңсіздік болған жоқ, жұмысымызды бәрібір бүгін бітірдік.Солай болды аралар жұмысшыларға шабуылдады.33 жылдық тәжірибемде осындай жағдай бірінші рет болып отыр. Қабір алдын-ала қазып дайындалып қойылған,ол жерде араның ұясы болған болуы кекрек. қазып жатып жұмысшалар араның ұясын бұзып алған”, дейді Анатолий Ковнишер.