Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

«Ауру қалса да әдет қалмайды». Қазақстанда алаяқ атанған блогер Украинаны шулатты

133

Соңғы кезде өзін «блогермін», кейде «журналистпін» деп атап жүрген Жанна Бота Қазақстанда алаяқтығы үшін сотталған. Бірақ, жас баласының кәмелет жасқа толмауына байланысты сот үкімін орындау кейінге қалдырылды.

https://kaz.365info.kz/lakhap-aty-zhamila-abilyazovtin-ashynasy-turaly-ashhy-shyndykh-294604

Осы аралықта ол алдап кеткен тағы бірнеше адам табылып, олар полицияға арызданған. Түрмеге қамалу қаупін сөзген Жанна Бота баласын ертіп, 2017 жылы Бішкек арқылы Украинаға қашып кетті. Онда барған соң, Қазақстанда өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі, осы іске қатысты шығарылған сот шешімін саяси тапсырыспен жасалып отырғанын алға тартып, Киев билігінен саяси баспана сұраған.

Жанна Ботаның бұл уәжіне Украинада құқық қорғау ұйымдары мен саясаткерлер елітіп қалған сияқты. Себебі, ол қоғамдық пікірді манипуляциялаудың қас шебері.

Сұғанақты сұм табады

Оның кәнігі алаяқтарға тән қасиеті Еуропада қашып жүрген банкир Мұхтар Әбілязовпен ымыраласуға жол ашты.

Қазір ол –

Әбілязов сенім артып отырған Украинадағы жалғыз адам.

Жанна Ботаның бықсық интригасының кесірінен, Украинада тұратын қазақтар – Айдос Садықов пен Ермек Нарымбаевтың Әбілязовпен жақсы қарым-қатынасы бұзылды. Сондықтан болса керек,

кейбір сарапшылар Жанна Ботаны қашқын банкир Әбілязовтің «оң қолы» санайды.

Мұхтар Әбілязовтің Қазақстан аудиториясына арнап әлеуметтік роликтер жасатып жатқаны белгілі. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, қазақстандықтарды митингіге, басқа да наразылық акцияларына шақыратын роликтерді Әбілязов Украинада жасайды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, сол әлеуметтік роликтерді дайындауға Жанна Бота басшылық жасап жүргені анық болып отыр. Өзін журналист санағанымен, Жанна Ботаның роликтер дайындауға кәсіптік деңгейі жетпейді.

https://kaz.365info.kz/ol-taza-alayakh-kasibi-maman-emshi-bala-erbosynnyn-otirigin-shygardy-foto-video-268340

Сондықтан ол Украинада тұратын ресейлік журналистерді – Ольга Курносова мен Ольга Сапронованы осы іске жұмылдырған. Бірақ, Жанна Ботада «ақша көрсе, тура жолдан таятын»  әдет бұрыннан бар. Роликтерді дайындау үшін Әбілязовтен алған ақшаны жырымдап, Курносова мен Сапронованың еңбек ақысының бір бөлігін бермей отыр.

Ольга Курносованың айтуынша, Жанна Бота оған – 1,5 мың доллар, ал О.Сапроноваға 4 мың доллар қарыз екен.

Екі журналист қарызды даулап барғанда Жанна Бота оларға күш көрсеткен. Кейін ол екі еркекті журналистер тұратын үйге жіберіп, қоқан-лоққы жасатқызған.

Өміріне қауіп төнген Курносова басқа пәтерге ауысып, жауыздардан жасырынып жүр, ал Сапронова бассауғалап Ресейге кетіп қалды. Бірақ олар Жанна Бота төндіріп отырған қатерден арашалап қалуды өтініп Украинаның құқық қорғау органдарына шағым жазып кетіпті.

Ольга Курносованың айтуынша, Қазақстаннан қашып барған Жанна Ботаны сол кезде-ақ Украина билігі кері қайтарып депортациялап жіберуі керек еді. Себебі, оған қарсы Қазақстанда қозғалған қылмыстық істің ешқандай саяси астары жоқ. Жанна Бота – жаман кәсіпті меңгерген кәнігі алаяқ. Ол Қазақстанда істеген ісін Украинада да қайталап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз